Келу ережелері

«RAKHAT FITNESS» СПОРТ КЛУБЫНА КЕЛУДІҢ ТИПТІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы Ереже спорттық қызмет көрсету туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және «Rakhat Fitness» спорт клубының аумағындағы кез келген тұлғаның қосымша құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ережелер мен шарттардың жиынтығын құрайды (бұдан әрі мәтін бойынша – Клуб) (қоса, мұнымен шектелмей: Тапсырыс берушілерді, спортшыларды, келушілерді, қонақтарды, мүшелерді, кәмелетке толмаған балалармен ілесіп келген ата-аналарын/тұлғаларды), әрі қарай «Клубқа Келуші»деп атайды. Балаға ілесіп жүретін тұлға – оның заңды өкілі, туысы немесе бала үшін жауапкершілік құқығы бар басқа да тұлға болып табылады және клуб аумағында клуб картасы не абонемент негізінде жүреді; Тапсырыс беруші – Клуб қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. Осы Ереже Клубтың барлық келушілеріне қатысты бірыңғай, міндетті болып табылады және әрекет етеді. Клубқа келушілер шарт жасағанға және Клубқа келгенге дейін осы ережемен танысулары тиіс.

1. Жалпы ережелер

1.1. Клуб жұмысының режимі: 7:00 бастап 23:00 дейін күн сайын, жексенбі күндері жаттығу залының жұмыс уақыты — 9:00.

1.2. Клуб жұмыс сағаттарын өзгертуге құқылы. Бұл ретте Клуб маусым ішінде Клуб жұмысының сағаттарын өзгерте алады және техникалық қажеттілік және/немесе іс-шаралар жүргізген жағдайда Клуб бөлмесін (жекелеген жаттығу аймақтарын, залдарды және т. б.) уақытша жаба алады.

1.3. Коммуналдық қызметтердің кез-келген түрін апаттық түрде тоқтатқан жағдайда, клуб алдын-ала хабарлаусыз Клубқа келуді және/немесе Клубтың ұсынатын қызметтерінің көлемін шектеуге құқылы.
1.4. Белгіленген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес Клуб санитарлық-алдын алу шараларын жүргізу мақсатында Клубқа келуді және/ немесе Клуб көрсететін қызметтер көлемін шектеуге құқылы.
1.5. Клуб келушінің депозитарийге тапсырмаған бағалы заттары мен құжаттары үшін жауап бермейді.

1.6. Клубқа келушілерден Клубқа келуге арналған қажетті құжаттарды, қоса, мұнымен шектелмей: Клуб мүшесінің картасын; жеке басын куәландыратын құжатты; Клубқа келуші денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыны және Клубтың қалауы бойынша басқа құжаттарды көрсетуді Клуб талап етуге құқылы.

1.7. Клубқа келушінің ұқыпсыздығынан немесе абай болмауынан, осы Ережені бұзудан, Клубтың ішкі тәртіп ережесін, техника қауіпсіздігі ережесін бұзудан болған жарақат немесе жазатайым жағдай үшін Клуб жауапкершілікте болмайды.

1.8. Келісімшартқа, қызмет көрсету тәртібіне, осы Ережелерді өзгертуге немесе толықтыруға, Клуб жұмысының тәртібіне қатысты кез келген ақпарат келушілердің назарына www.rakhat-fitness.kz клубының ресми сайтында және қабылдау бөлімінде ақпараттық стендтер туралы ақпаратты орналастыру арқылы жеткізіледі. Ақпараттық қабырғада ақпаратты орналастыру фактісін Клуб және Клубқа Келушілер, Клуб Келушілеріне жеткілікті, толық және уақытылы көзі ақпараттандыру деп есептейді.

1.9. Клубқа келушілер кілттерді, сүлгілерді, жетондарды, білезіктерді және т. б. жоғалтқаны/бүлдіргені үшін белгіленген тарифтермен мүліктік жауапкершілікте болады.

1.10. Клубқа келу ережесін сақтамаған немесе тәртіпті бұзған келушілер клуб аумағынан шығарылып, бұдан ары клуб картасының әрекетін тоқтатуы және/немесе келісімшартты бұзуы мүмкін

2. Клубқа келу ережелері

2.1. Клубқа келер алдында Клубқа келуші секцияларға, бағдарламаларға қатысу үшін Клубтың спорттық дәрігеріне дәрігер-терапевтен, педиатрдан медициналық анықтама ұсынуы тиіс.

2.2. Клубқа бірінші рет келер алдында Клубқа келуші клубтың спорт дәрігеріне алдын ала жазылу арқылы спорттық тестілеуден өту керек. 16 жасқа толмаған балалар үшін спорттық тестілеуден өту балаларға ілесіп келген тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.

2.3. Клубқа кірген кезде клуб мүшесінің клуб картасын және/немесе абонементті (жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ клубтың талабы бойынша басқа құжаттарды ұсыну) клубтың тіркеу орнында көрсету қажет.

2.4. Клуб картасы немесе абонемент Клубтың тіркеу орнына білезікпен ауыстру үшін тапсырылады. Клубтан шығарда Клубтың тіркеу орнына білезікті қайтаруы және өз картасын немесе абонементті қайтарып алуы қажет.

2.5. Клубта болған уақытта қолында білезіктің болуы міндетті.

2.6. Клубта болған кезеңде жеке заттар киініп-шешінетін орындағы шкафтарда, сыртқы киім – гардеробта сақталады. Клубтағы жаттығу аяқталғаннан кейін шкафтарда өз заттарын қалдыруға болмайды. Келушілердің шкафтан және гардеробтан тыс жерде қалдырып кеткен жеке заттары үшін Клуб жауап бермейді.

2.7. Бағалы заттары мен құжаттарын депозитарийде қалдыруы тиіс. Клуб депозитарийден тыс жерде қалдырылған бағалы заттар үшін жауапкершілікте болмайды.

2.8. Клубқа келушілердің ұмытып кеткен құнды және жеке заттарын сақтау және жою Клубтың ішкі ережесі регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

2.9. Клубқа келуші ер адамдардың Клубқа келетін әйел адамдарға арналған бөлмелерде болуына және керісінше рұқсат етілмейді.

БАССЕЙН:

2.10. Спорттық жабдықтар тек топтық бағдарламалар мен нұсқаушы немесе жаттықтырушысы бар балалар спорт секцияларын өткізуге арналған.

2.11. Бассейнге қатаң түрде душ қабылдағаннан кейін ғана кіруге болады.

2.12. Өзімен бірге: суға түсу костюмі, бас киім, резеңке табаны бар сланцы, сүлгі және монша керек-жарақтары болуы тиіс.

2.13. Жүзу кезінде сағыз шайнауға рұқсат етілмейді.

2.14. Бассейнге ернеуден секіруге тыйым салынады. Бассейнге арнайы баспалдақтармен түсу керек.

2.15. Маусым кезеңінде, ауа тіреуіш құрылысты орнату барысында бассейнге кірерде/шығарда бірінші есікті жаппай, екінші есікті ашуға тыйым салынады.

ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ:

2.16. 16 жасқа дейінгі балалар өз бетінше айналысу үшін жаттығу залына жіберілмейді, жеке жаттықтырушыны бекіткен жағдайда ғана рұқсат етіледі.

2.17. Өзімен бірге болуға тиіс: арнайы аяқ киім және киім. Жалаңаяқ, жағажай немесе үйде киетін аяқ киіммен және т. б. жаттығуға тыйым салынады;

2.18. Жаттығу залында сабақты бастамастан бұрын жаттығу құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықпен және техника қауіпсіздігімен танысу қажет;

2.19. Жабдықтарды бір реттен аса пайдалану барысында, сол жаттығу құралын пайдаланғысы келген адамдарға назар аударыңыз.

2.20. Еркін салмақпен жұмыс істегеннен кейін, штангаларды босатып, гантельдерді арнайы тірекке жинаңыз.

2.21. Клубқа келушілерге басқа үшінші тұлғалар үшін жаттығу өткізуге тыйым салынады. Клубқа келушілер өз бетінше жаттығады немесе клуб нұсқаушыларының қызметтерін пайдаланады.

ТОПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР:

2.22. Өзімен бірге арнайы аяқ киім және киім болуға тиіс. Жалаңаяқ, жағажай немесе үйде киетін аяқ киіммен және т. б. жаттығуға тыйым салынады. жаттықтырушының нұсқауымен арнайы кластарды (мысалы, аквабағдарламалар, йога) қоспағанда;

2.23. Топтық бағдарламалар Клуб әкімшілігімен өзгертілуі мүмкін кестеге сәйкес өткізіледі

2.24. Жарақат алу қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін сабаққа кешікпей келу қажет. 15 минуттан артық сабаққа кешіккен жағдайда нұсқаушы жаттығуға жібермеуге құқылы.

2.25. Жаттығу аяқталғаннан кейін спорт құралдарын арнайы белгіленген орынға қою қажет.

ОЙЫН ЗАЛЫ:

2.26. Ойын залына келу спорттың бір түрі бойынша ойынға қатысатын тұлғалар тобы (бұдан әрі – команда) үшін мүмкін болады. Командалар тізімін тапсырыс беруші клубтың тіркеу орнында әр айдың басында 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге тиіс. Команда құрамына кіретін тұлғалардың аты бар тізімге ұйымның жауапты тұлғасы қол қояды және мөр басылады. Тізімде міндетті түрде осы Ережені сақтауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және оның байланыс телефонының нөмірі міндетті түрде көрсетіледі. Тізімге енгізілмеген қатысушыларға ойын залына кіруге рұқсат етілмейді, сол орында тізімге түзету енгізуге рұқсат етілмейді. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен тізімге өзгерістер енгізген сәтке дейін бұрын берілген тізім әрекет етеді.

2.27. Команданың барлық қатысушыларында өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, арнайы киімі және аяқ киімі болуы тиіс. Ойын залына кіру қатаң түрде Клуб білезігі бойынша жүргізіледі.

2.28. Білезіктер Клуб бекіткен кестеде көрсетілген келу уақыты басталғанға дейін 15 минут ерте беріледі.

2.29. Ойын залына келу ойын залын және ондағы спорт құралын команда қарамағына осы тармақта анықталған уақытқа беруден, душ бөлмелері мен киініп-шешіну бөлмелерін беруден тұрады, бұл ретте Клубтың барлық қалған қызметтері үшін қосымша ақы төленуі тиіс. Клубта болу ұзақтығы 1 сағат 30 минут (залды 1 сағатқа жалдаған жағдайда).

3. Клуб келушілеріне қатаң тыйым салынады:

3.1. Клубтың аумағында шылым шегу, алкогольдік, есірткі, токсикомания немесе басқа мас күйінде болуы, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын және басқа тыйым салынған заттарды пайдалануға;

3.2. Клуб аумағына суық, оқ ататын қару, жарылғыш және уландыратын заттар, тесетін, кесетін және Клуб мүшелері мен оның қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа кез келген заттарды алып кіруге;

3.3. Клуб аумағына тамақ пен сусындарды әкелуге;

3.4. Клубтың музыкалық және басқа да аппаратурасын, спорттық жабдықтарын өз бетінше пайдалануға;

3.5. Клуб қызметкерінің шақыруынсыз қызметтік пайдалануға арналған аумаққа кіруге.

3.6. Клуб қызметкерінің рұқсатынсыз қызметтік пайдалануға арналған аумаққа кіруге;

3.7. Клубқа өзін жақсы сезінбегенде, кез келген ауру және жарақат алған жағдайда келуге;

3.8. Киімді, аяқ киімді және сүлгіні саунада кептіруге, тасқа түрлі заттарды лақтыруға;

3.9. Саунада иісі шығатын заттарды, эфир майларын, саунаға арналған тұнбаларды, косметикалық, өсімдік және басқа заттарды пайдалануға, иісі күшті иіссуларды пайдалануға;

3.10. Клубтың рұқсатынсыз Клубта фото түсіруге, түсірілім жасауға, ұялы телефондар камерасымен түсіруге;

3.11. Әйел жынысты келушілерге Клуб аумағында суға түсетін костюмнің жоғарғы бөлігін (топлесс) кимей жүруге;

3.12. Қоғамдық тәртіпті бұзуға.

4. Клуб пен оның қызметкерлерінің құқықтары:

4.1. Себебін түсіндірмей бассейндегі жүзу аймағын және жүзу уақытында шектеу;

4.2. Қару, есірткі заттарын, басқа тыйым салынған заттарды, ішімдік сусындарын алып кіру туралы күдік туындағанда Клуб қызметкері Клубқа келушіге немесе оған ілесіп келген тұлғаға қарап шығу үшін жеке заттарын өз еркімен көрсетуге ұсыныс жасау, ал бас тартылған жағдайда – полиция қызметкерлерін шақыру;

4.3. Өз қалауы бойынша топтық сабақтарға қатысатын адамдардың санын шектеу.

4.4. Арнайы спорттық киімі және/немесе ауысымды аяқ киімі жоқ Клуб келушілерін сабаққа жібермеу;

4.5. Ауырып тұрған, өзін нашар сезіну белгілері бар тұлғаларды сабаққа жібермеу;

4.6. 16 жасқа толмаған, ата-анасының/балаға ілесіп жүретін адамдардың қарауынсыз қалған балаларды клуб аумағынан шығару;

4.7. Күмән тудырған, қажетті құжаттарды бермеген немесе Клуб ережесін бірнеше мәрте бұзған тұлғаға қызмет көрсетуден бас тарту;

4.8. Клубқа келушілердің денсаулық жағдайын медициналық кабинеттің құжаттамасында тіркеу және есепке алу;

4.9. Клубқа келушіге жаттығуларға барудың рұқсат етілген жиілігіне қатысты ұсыныстар, жаттығу бағдарламасы бойынша тиімді тамақтану бойынша ұсыныстар және басқа да ұсыныстар беру;

4.10. Арнайы дәрігерлік көрсеткіші бар тұлғаларға арналған жаттығулар мен сабақтардың бағдарламаларын өзгерту;

4.11. Клуб келушілерінің жаттыққан деңгейін анықтау үшін ұсыныс бере отырып, тестілеуден өткізу;

4.12. Клубқа келушілердің осы Ереженің сақтамауынан туындаған залалдың орнын өтеуді талап ету.

5. Бір күндік клуб картасы

5.1. Бір күнге клуб картасын сатып алған келуші осы Ереженің шарттарын қатаң сақтауға міндетті. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың болуы тиіс.

6. Клубқа мүшелік

6.1. Клубқа мүшелік – бұл Клуб мүшелігінің түрі мен санатына сәйкес Клуб мүшесінің картасын алған тұлғаның клубта белгіленген жұмыс уақыты шеңберінде болуы, сондай-ақ Клуб мүшелері үшін ұйымдастырылатын клуб іс-шараларына қатысу мүмкіндігі;

6.2. Клуб мүшесі картаны/абонементті басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. Егер бұл орын алса, Клуб жағдайды анықтағанға дейін картаны/абонемент қайтарып алуға құқылы. Карта/абонемент жоғалған немесе бүлінген жағдайда иесінің жазбаша өтініші бойынша жаңа Карта/абонемент дайындалады. Жоғалғаны/бүлінгені үшін белгіленген тарифтер бойынша айыппұл алынады.

6.3. Клуб өз қалауы бойынша кез келген тұлғаға мүшелік етуден себебін түсіндірмей бас тартуға құқылы.

7. Балалардың Клубқа келу шарттары

7.1. 16 жасқа толмаған балаларға балалар Клуб картасын немесе абонементті сату тек қана жүзу абонементі немесе баланы алып жүретін ата-аналардың/тұлғалардың клуб картасы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

7.2. Клуб ішінде балалардың жүруі ата-аналарының/кәмелетке толмаған балаларға ілесіп келетін тұлғалардың қарауымен жүргізіледі. Абонемент бойынша жаттықтырушысы бар балалар секциясы бұған кірмейді.

7.3. Клуб аумағында «турникеттің арғы жағына» балалардың кіруіне рұқсат беру жаттықтырушының және ата-аналарының/кәмелетке толмаған балаларға ілесіп келетін тұлғалардың қатысуымен ғана іске асырылады. Кәмелетке толмаған балаларға ілесіп келетін тұлғаның жасы 18 жастан кем болмауға тиіс;

7.4. Клуб фойесінде жаттықтыру процесіне дейін және ол аяқталғаннан кейін болған уақытта балалардың Клуб аумағына балаларды кіргізу тәртібін сақтамағаны үшін Клуб жауапкершілікте болмайды. Ата-аналары/кәмелетке толмаған балаларға ілесіп келетін тұлғалар жаттығулар кестелерін қадағалауы және Клубқа уақытында келулері тиіс;

7.5. Жаттығу процесі басталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін ата-ана/балаға ілесіп келетін тұлға 5 жасқа дейінгі баланың киімін ауыстырып киюіне көмектесу үшін балардың киімін шешіп-киінетін аумағында бола алады. 5 (бес) жастан асқан Клубқа келушілер қарсы жыныстағы адамдарға арналған бөлмелерге кіруіне тыйым салынады;

7.6. Жаттығу процесі кезінде ата-ананың/кәмелетке толмаған балаға ілесіп келетін тұлғаның секциядағы сабақтың аяқталуын күтіп, Клуб фойесінде болуға құқығы бар;

7.7. Клуб аумағында «турникеттің арғы жағында» жаттығулар жүргізу кезінде ата-ананың/кәмелетке толмаған балаға ілесіп келетін тұлғаның қатысуына қатаң түрде тыйым салынады, өйткені олардың қатысуы сабақ жүргізуге кедергі болуы мүмкін. Бұған Клуб қосымша хабарлайтын ашық сабақтар мен клубтық спорттық-бұқаралық шараларды қоспағанда;

8. Жауапкершіліктер:

8.1. Клуб аумағында баланың денсаулығы және қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті ата-аналар/кәмелетке толмаған балаларға ілесіп келетін тұлғалар көтереді. Бұған жаттықтырушысы бар балалар секциясына абонементпен келуді қоспағанда.

8.2. Клуб келушілерінің осы ережені сақтамағаны үшін Клуб ақы төлеуді талап етуге құқылы, ал Клуб келушісі Келісімшартта белгіленген мөлшерде айыппұл санкцияларын төлеуге міндетті;

8.3. Клубқа келушілер осы Ережені бұзған жағдайда Келісімшартты біржақты тәртіппен бұзуға және/немесе мұндай Келушіден Клубтан дереу кетуін, Клубқа және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы, бұл ретте келісімшарт бойынша төленген сома қайтаруға жатпайды.

«Rakhat Fitness» спорт клубының балалар секцияларына бару ережелері"

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1.1.1. «Клуб» – «Орталық жүзу бассейні» ЖШС.

1.1.2. «Бала» (көпше т. -балалар) – Клуб белгілеген 3-тен 15 жасқа дейінгі балалардың топтық және жеке бағдарламаларына қатысатын тұлға.

1.1.3. «Баланың заңды өкілі» — оның ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар немесе ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен баланың мүдделерін білдіру сеніп тапсырылған адамдар.

1.1.4. «Турникеттің арғы жағындағы аумақ» – фойеде орналасқан турникеттерден кейінгі спорттық сабақтарға арналған Клуб аумағы.

1.1.5. «Ереже» – Балалар секциясына келу ережесі.

1.1.6. «Клуб ережелері» – Клубтың уәкілетті органы бекіткен, Клубқа барудың жалпы ережелері.

1.1.7. «Абонемент» — клуб беретін және белгілі бір сабақ түрлеріне қатысуға құқық беретін құжат. Сабаққа бару уақыты мен саны баланың/ оның заңды өкілінің Клубқа бару үшін таңдаған бағдарламасына байланысты болады.

2. БАЛАЛАР СЕКЦИЯЛАРЫНА БАРУ ЕРЕЖЕСІН ӘЗІРЛЕУ МАҚСАТЫ

2.1. Осы Ереже топтық және жеке бағдарламаларға келетін балалардың Клубта болған уақытында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаттығулар жасау кезінде жаттықтырушылар мен нұсқаушылар құрамы жұмысына оңтайлы жағдай жасау және балалар мен баланың заңды өкілі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленген. Осы Ереже Клубтың балалар спорт секцияларының барлық түрлеріне қолданылады.

2.2. Осы Ереже балалардың секцияларға келу кезіндегі қосымша талаптарды белгілейді және Клубтың Жалпы ережесін толықтырады.

2.3. Клубтың жалпы ережелері балаларға да қолданылады

3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1. Секциядағы сабаққа баланың қатысуына рұқсат беру үшін баланың Заңды өкілдері Клубқа мынадай құжаттарды беруі тиіс:

3.1.1. Спорт секцияларындағы сабақтарға қатысу үшін қарсы көрсеткіштердің жоқ екендігін растайтын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;

3.1.2. Клуб кассасынан сатып алынған абонемент.

3.1.3. Баланың жеке басын куәландыратын құжат (Клуб қызметкерінің тексеруі үшін көшірмесі мен түпнұсқасы).

3.1.4. Заңды өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (баланың туу туралы куәлігі, Заңды өкілдің жеке куәлігі, қажет болғанда – сенімхат) Клуб қызметкері тексеру үшін көшірмелері мен түпнұсқалары.

3.1.5. Толтырылған анкета (1-қосымша).

3.2. Сабақ басталар алдында баланың Заңды өкілі құжаттарды жаттықтырушыға береді.

3.3. Сатып алынған абонемент қайтарылмайды.

3.4. Абонемент сатып алынған сәттен бастап күшіне енеді және бүкіл қолданылу кезеңінде баланың Заңды өкілінде қалады.

3.5. Абонемент сатып алынған сәттен бастап күшіне енеді және 30 күн бойы әрекет етеді, бұл ретте абонемент баланың заңды өкілінде оның әрекет ету мерзімінде қалады.

3.6. Ауыруына байланысты емес себеппен сабақтарға келмеген жағдайда абонементтің қолданылу мерзімі ұзартылмауы тиіс.

3.7. Секциядағы сабақтарға ауыруына байланысты келмеген жағдайда балалар дәрігерінен алынған бала денсаулығының жай-күйі туралы анықтама бар болғанда жаттықтырушының абонементтің қолданылу мерзімін аурудың созылуына байланыссыз көп дегенде 3 рет келуге ғана ұзартуға құқығы бар.

3.8. Ауырғаннан кейін жаттығуды жалғастыру мақсатында секция басталар алдында балалар дәрігерінен алынған анықтаманы жаттықтырушыға беру қажет.

3.9. Абонемент атаулы болып табылады және оны үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді. Абонемент басқа тұлғаға берілгенде, оның күші қандай-да бір өтеусіз жойылады.

3.10. Абонемент жоғалғанда баланың/оның Заңды өкілінің оны қайта қалпына келтіруге құқығы бар, бұл ретте абонементті қалпына келтіру қызметінің құны Клубтың бекітілген прейскуранты бойынша төленеді. Нақты қалған және қатыспаған сабақтардың саны ғана қалпына келтіруге жатады.

3.11. Баланың Заңды өкілі Клуб мүлкін жоғалтқаны және бүлдіргені үшін Клуб белгілеген мөлшерде материалдық жауапкершілікте болады.

4. БАЛАНЫҢ САБАҚҚА ҚАТЫСУЫНА РҰҚСАТ БЕРУ

4.1. Клуб аумағында балаларға жаттықтырушының қатысуымен және рұқсатымен ғана турникеттің арғы жағына өтуге рұқсат етіледі.

4.2. Сабақ құрылымын бұзуды болдырмау, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін (жаттығулар, топтық, жеке бағдарламалар) сабақ басталғаннан кейін 5 минуттан аса кешіккендерге сабаққа кіруге рұқсат етілмейді.

4.3. Баланың Клуб фойесінде жаттығу процесі басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін болған уақытында Клуб жаттықтырушысы мен әкімшілігі бала үшін жауапкершілікте болмайды.

4.4. Аумақта турникеттің арғы жағында балалардың белгіленген сабақ уақытынан тыс болатын уақыты –15 минуттан аспайды.

4.5. Жаттықтыру процестері аяқталғанға дейін және одан кейін баланың заңды өкілдері 5 жасқа дейінгі балаға балалардың шешініп-киінетін жерінде киінуге көмектесе алады. Клуб турникетінің арғы жағына Заңды өкілдер тек жаттықтырушының қатысуымен ғана өте алады.

4.6. Сабақтар басталғанға дейін баланың сыртқы киімін Заңды өкілге қалдыруға немесе шкафтарда жеке заттары және киімімен бірге сақтауға қалдыруға болады.

4.7. Жеке заттары мен киімдерін қараусыз қалдыруға болмайды.

4.8. Баланың бағалы заттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларды жаттығу процесі басталар алдында баланың Заңды өкілдеріне қалдыру қажет. Бағалы заттар мен құжаттар үшін Клуб жаттықтырушысы мен әкімшілігі жауапты болмайды.

4.9. Жаттығу процесі аяқталғаннан кейін жеке заттар мен киімді шкафтарда қалдыруға қатаң тыйым салынады.

4.10. Жоғалған заттар үшін Клуб жаттықтырушы мен әкімшілігі жауапты болмайды. Ұмытылған заттарды алу мәселелері бойынша клубтың тіркеу орнына жүгіну керек. Ұмытылған заттарды сақтау мерзімі Клубтың ішкі ережелерімен реттеледі.

5. САБАҚ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

5.1. Жаттығу үрдісі мен оның ұзақтығын баланың моральдық, психологиялық және физикалық жағдайына байланысты спортпен реттелетін спорттық әдістерге сәйкес жаттықтырушы айқындайды.

5.2. Жаттығу процесі кезінде баланың Заңды өкілінің секциядағы сабақтың аяқталуын күтіп, Клуб фойесінде болуға құқығы бар.

5.3. Баланың Заңды өкілінің жаттығулар өткізу кезінде аумақтағы турникеттің арғы жағында болуына қатаң тыйым салынады, өйткені оның қатысуы сабақ жүргізуге кедергі болуы мүмкін. Ашық сабақтар мен клубтық спорттық-бұқаралық шараларды қоспағанда, олар туралы қосымша хабарланады.

5.4. Турникеттің арғы жағында және секциялардағы сабақтарда тиісті аяқ киімде (ауысымды спорттық аяқ киім) және тиісті спорттық киімде (гимнастикалық купальник, спорттық костюм) болу қажет. Киім мен аяқ киімнің түрін жаттықтырушыдан нақтылау қажет.

5.5. Клуб келесі жағдайларда баланың денсаулығына және жарақат алуына жауапты емес:

• баланың осы Ережені және Клубтың Жалпы ережелерін бұзған жағдайда;

• клуб фойесінде алған жарақаттары үшін;

• клуб аумағынан тыс алған жарақаттары үшін;

• үшінші тұлғалардың әрекеті нәтижесінде алған жарақаттары үшін;

• клуб аумағында баланың өз кінәсінен алған жарақаттары үшін.

5.6. Баланың жарақат алуын болдырмау үшін және жаттығу процестері кезінде оның қауіпсіздігі үшін бала денесінде әшекейлердің (сырға, сақина, моншақтар, алқа, сағат және т. б.) болуына қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ сағыз шайнауға, сабаққа дейін бір сағаттан аз уақытта тағам жеуге, аузына бөгде заттар салуға тыйым салынады.

5.7. Жаттықтырушы мынадай жағдайларда баланың Заңды өкіліне мәлімдей отырып, баланы секция сабақтарына қатыстырмауға құқылы:

• бала топта тәртіп бұзса;

• бала Клуб мүлкіне залал келтірсе;

• баланың ауырып тұрғаны айқын білінсе: температурасы көтерілсе, денесі бөртсе, жалпы өзін жақсы сезінбесе, басқа да белгілер болса;

• бала Клуб ережесін бұзса.

Кесте / Прайс
Бағдарламалар сипаттамасы
Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз