Солярий

Rakhat Fitness

Біздің клубта сіз солярий қызметін пайдалана аласыз. Бізде көлденең орналасқан Luxura соляриі (Hapro өндірген, Нидерланды) бар. Бұл атақты бренд – тамаша айнадай тиімділікке ие арнайы фильтрмен жабдықталған шамдал сәулесінің қуаттылығын реттеу мүмкіндігіне ие қыздырыну технологиясындағы жаңа өнім болып табылады.

Осы модель солярийдің ішінде ыңғайлы болуы үшін көптеген қажетті жағдайларды ескеру арқылы жасалған. Желдендірудің қуатты жүйесі бет пен дене үшін қажетті салқындатумен қамтамасыз етеді. Акрил ложаның эргономикалық бүгілісі дененің оңтайлы орналасуын қамтамасыз етеді. Арнайы жасалған жастық мойын бұлшық етін қосымша босаңсытады. Көпфункционалды электронды жарықты индикациялы басқару панелі солярийдің көптеген функцияларын басқаруға мүмкіндік береді, ал арнайы бағдарлама солярийді бағдарламалау барысында пайдаланылатын барлық қондырғылардың енгізілуі мен сақталу ыңғайлылығын қамтамсыз етеді. Әрбір жеке функцияны түймені басу арқылы жеңіл реттеуге болады.

Солярийдің ішінде бағдар алу үшін көмек ретінде қызмет көрсететін жарықтандырылған шығудың арқасында толық қараңғылық болмайды.

Desin Fact 1.5% арнайы құралы арқылы әрбір кіріп-шығудан кейін дезөңдеу іске асырылады..

Біз қыздырыну үшін анағұрлым ыңғайлы жағдай жасай білдік.

Солярийге келу ережелері:

  1. Келер алдында міндетті түрде мамандардан кеңес алыңыз.
  2. Сеанс алдында теріні қорғау және қыздырыну сапасын арттыру үшін теріні солярий үшін арнайы жасалған косметикалық құралдармен (дене және бет үшін жеке) өңдеуге кеңес беріледі.
  3. Сеанс кезінде арнайы күннен қорғайтын көзілдірік киюді ұмытпаңыз, оны медициналық бекеттің қызметкері береді. Егер сіз көздің көруін реттейтін жанасу линзасын киетін болсаңыз, солярийге барар алдында оны шешуге кеңес беріледі.
  4. Төстің ұшына желімденетін стикиниді пайдаланыңыз. Стикиниді медициналық бекеттің қызметкері береді.
  5. Ерін терісі үшін UV-фильтрлі ерін бальзамын пайдаланыңыз.
  6. Депозитарийді пайдаланыңыз – заттардың сақталуы үшін медициналық бекеттің қызметкері жауапты бола алмайды.
  7. Солярийге келуге арналған касса чегі қызметті сатып алған күннен бастап 3 ай ішінде қолдануға жарамды.
  8. Касса чектері тек қана белгілі бір солярий үшін сатып алынады.
  9. Солярийге кіру үшін рецепцияда жазылу жүргізіледі.

Солярийге барар алдында келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес беріледі:

  1. Солярийге кірер алдында құрамында эфир майлары, спирт, консерванттар, пигментті дақтардың пайда болуына әкелетін бояулар ы бар косметикалық құралдарды пайдаланбаған дұрыс;
  2. Сеанс алдында солярийді жедел сөндіру түймесі қайда орналасқандығы туралы медицина қызметкерінен мәлімет алыңыз;
  3. Солярийге саунадан кейін, сабынды душтан соң арнайы солярий үшін кремдер мен майлар жақпай баруға кеңес берілмейді.

Сақтық шаралары:

  1. Тері сезімталдығын арттыратын және күнен болатын аллергияны асқындыратын дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрген адамдарға (транквилизаторлар, антидепрессанттар, стероидтік емес суық тигенге қарсы препараттар, антибиотиктер, гормональді контрацепция және т. б.), менструальді цикл кезінде қыздарға солярийге баруға рұқсат етілмейді;
  2. Қалқанша безі, сүт бездері, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға, денесінде көптеген меңі барларға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге солярийге баруға рұқсат етілмейді. Имплантанттар есебінен сүт бездерін үлкейткен қыздарға келу уақытын қысқартқан дұрыс;
  3. Солярийге келгеннен кейін салқын душ қабылдауға және дене жұмысымен шұғылдануға болмайды.
Кесте / Прайс
Бағдарламалар сипаттамасы
Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз