Сіз өз балаңыз үшін топтық бағдарламаларға немесе спорт секцияларына баруды – хореографияны, көркем гимнастиканы, синхронды жүзуді, су добын, жүзуді, сайыс өнерін, йоганы таңдауыңыз мүмкін. Теңгерім сақтау мен координация. Ойын сабақтары, тірек-қимыл аппаратының бұзылуын профилактикалауға, ұсақ моторика мен сенсорлық дамуға бағытталған жаттығулар. Балалармен сіздің балаңызға дербестік тұрғысынан келетін кәсіби жаттықтырушылар мен тәрбиешілер жұмыс істейді.
Rakhat Fitness клубында ата-аналардың спортпен шұғылдануына ығайлылық туғызу үшін және балалардың белсенді, дамыту демалысына арналған балалар бөлмесі жұмыс істейді. Ата-аналар өз балаларын тәжірибелі балалар педагогтарына тапсыра отырып, өздері тыныштық күйіне бөленеді және бірнеше сағат бойы спортпен шұғылдана алады, күнделікті өмір күйбеңінен демалатын болады.
Балалар фитнесімен шұғылданудың тиімділігі
Сауықтыру:
● тірек-қимыл аппаратының нығаюы;
● ішкі органдар мен ағза жүйесінің дамуы;
● жарасымды дене дамуына ықпалдастық көрсету;
● координация мен теңгерімнің, икемділік пен қозғалмалылықтың, музыкалылық пен ырғақ сезінудің, пластика мен сымбаттылықтың дамуы.
Білімдік:
● қоршаған орта туралы білімінің кеңеюі;
● сөздік қорының артуы;
● дене жаттығуларының денсаулық күйіне, жұмыс қабілетіне және қозғалыс қабілеттерін дамытуға әсері.
Тәрбиелік:
● балалардың бойында қатынас қабілеттерін қалыптастыру және одан әрі дамыту, командамен жұмыс істеу біліктілігі, топта өз міндеттерін орындауға деген жауапкершілігінің болуы;
● шығармашылық белсенділігін, көңіл-күй еркіндігін дамыту;
●Қозғалыс белсенділігін арттыруда, өзбетінше сабақтарға жұмылдыруда психикалық процесіне (есте сақтауды, ойлауды, назар аударуды, түйсікті) ықпалдастық көрсету.